$ 488.59  564.37  6.79

«Аққан жұлдыз»: Бүгін - Денис Теннің туған күні (ВИДЕО)

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар арасында алғаш рет әлем чемпионатының жүлдегері. 

33 жыл бұрын (1993-2018) қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, олимпиада жүлдегері Денис ТЕН дүниеге келген, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Алматы қаласында туған. Денис — Корей империясы кезінде даңқты қолбасшы болған генерал Мин Гынхоның ұрпағы.

Аққан жұлдыз. Бүгін – Денис Теннің туған күні

Мәнерлеп сырғанаудан бөлек, теннис, акробатика, таеквондо, каратэ, жүзумен айналысып, би және сурет салу мектебіне барған.

Музыка мектебінде 5 сыныпты тәмамдап, хорға қатысқан. 2002 жылы Денис Тен қатысқан хор ұжымы Пусандағы Хор Олимпиадасында күміс медаль иеленді. Кейіннен мәнерлеп сырғанаумен айналысуға біржола ден қойды.

Аққан жұлдыз. Бүгін – Денис Теннің туған күні

2003 жылы «Хрустальный конек» турнирінде оны Елена Буянова (Водорезова) байқап, Мәскеуге өзінің қол астында жаттығуға шақырады. Тен ересек спортшылармен жарысып, 2006 жылғы Қазақстан чемпионатын жеңеді.

Бірақ халықаралық деңгейде тек келесі жылдан бастап көріне бастады, оған Халықаралық конькимен сырғанаушылар одағының жас шектеулері (13 жас) себеп болды.

Спорттағы жетістіктері: Ол — 2014 жылы мәнерлеп сырғанаудан Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері, 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, VІІ қысқы Азия ойындарының чемпионы, 28-ші қысқы Универсиаданың (Алматы-2017) чемпионы, Қазақстанның үш дүркін чемпионы.

Аққан жұлдыз. Бүгін – Денис Теннің туған күні

ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері.



 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0