13.06.2026, 14:10

Алматыдағы автобустағы төбелес: хиджабтағы әйел студентті соққыға жықты

Фото: видеодан скриншот

Оқиға 8 маусым күні, бойжеткен колледжден үйіне қайтып бара жатқан кезде болған.

Алматыда қоғамдық көліктегі кезекті жанжал соңы үлкен төбелеске ұласып, студент қыз медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқиға 8 маусым күні, бойжеткен колледжден үйіне қайтып бара жатқан кезде болған.

Автобус жолаушылары арасында басталған жай ғана сөзге келіспеушілік тез арада ушығып кеткен. Студенттің айтуынша, бір сәтте хиджаб киген әйел басқа бір қызды аяусыз ұрып жібереді. Осыдан кейін төбелеске бірнеше адам араласып, жағдай бақылаудан мүлдем шығып кеткен. Салдарынан оқиғаның ортасында қалған автордың өзі де соққыға жығылып, зардап шекті. Қалалық қоғамдық көліктегі мұндай бассыздық желі қолданушыларының ашу-ызасын тудырып жатыр. Қазіргі уақытта зардап шеккен студент тиісті органдардан көмек күтеді. Көпшілік арасында қоғамдық орындардағы қауіпсіздік мәселесі қайтадан қызу талқыға түсті.