$ 489.33  566.3  6.74

Отандық «Qaitadan» фильмі халықаралық кинофестивальде Гран При жеңіп алды

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстандық "Qaitadan" фильмі IV Бішкек халықаралық кинофестивалінде Орталық Азияның үздік фильмі атанды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Фестиваль аясында Орталық Азия байқауы ұйымдастырылып, оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан киногерлерінің туындылары қатысты. Байқау қорытындысы бойынша қазақстандық "Qaitadan" фильмі "Үздік фильм" аталымында Гран-при иеленді.

"Qaitadan" соңғы жылдардағы ең табысты қазақстандық фильмдердің біріне айналды. Өткен жылы картина небәрі үш аптаның ішінде прокатта 1 млрд теңгеден астам табыс тауып, отандық кинопрокат көшін бастады", - деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін фильм Қазақстандағы креативті индустриялар саласындағы басты марапат – STEPPE AWARDS сыйлығының "Кинематография" санаты бойынша да жеңімпаз атанған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0