$ 489.33  566.3  6.74

АҚШ-та қазақстандық жас жігіт жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Фото: threads/bostonglobe2
Фото: threads/bostonglobe2

АҚШ-тың Иллинойс штатында 24 жастағы Қазақстан азаматы жұмбақ жағдайда із-түзсіз жоғалып кетті. Жас жігіт үйінде барлық құжаттары мен әмиянын қалдырған, ал бірнеше күннен кейін оның көлігін полиция тапқан, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқиға туралы жоғалған азаматтың жақындары әлеуметтік желілерде мәлімдеді. Threads желісінде жарияланған ақпаратқа сәйкес, Асет Құралбай 2 маусымнан бері хабарға шықпаған. Ал 7 маусымнан бастап оның телефоны мүлде сөнген.

Жас жігіт өзімен бірге құжаттарын да, банк карталарын да алмаған. Барлық жеке заттары үйінде қалған.

«10 маусымда полиция оның Toyota Camry автокөлігін (мемлекеттік нөмірі DP 86722) тапты. Алайда Асеттің қайда екені әлі күнге дейін белгісіз. Егер оны көрген немесе қандай да бір ақпарат білетін адамдар болса, жеке хабарлама арқылы немесе отбасымен байланысқа шығуды сұраймыз», – делінген әлеуметтік желідегі жазбада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0