15.06.2026, 15:10

Семейді сел алды: Әкімдік уәдесі тағы да суға ақты ма?

Фото: видеодан скриншот

Кезекті жаңбырдан кейін қала тағы да су астында қалды.

 

Аспан ашылып, нөсер құйса болды, Семейдің көшелері «тегін аквапаркке» айналатын ескі кеселден айыға алмай келеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Кезекті жаңбырдан кейін қала тағы да су астында қалды. Тұрғындардың айтуынша, жыл сайын қайталанатын бұл сорақылыққа нүкте қоятын коммуналдық қызмет те, жұмыс істейтін нөсер кәрізі (ливневка) де жоқ. Әлеуметтік желіде жұрт «бұл ливневкалар атымен бар ма өзі?» деп ашынып сұрақ қоюда. Айта кету керек, бұл тек Семейдің ғана емес, кеше ғана Ақтөбе, Алматы, Өскемен мен Көкшетауды да дәл осылай су басқан болатын. Халық шенеуніктерден құрғақ уәдені қойып, нақты іске көшуді талап етіп отыр. Қазіргі уақытта Абай облысы мен Семей қаласының әкімдігіне ресми сауал жолданды.