Апатқа байланысты тергеу жүргізіліп жатыр.
Щучье-Бурабай тас жолында Volvo автобусы мен Changan көлігінің қатысуымен жол апаты болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
14 маусымда шамамен сағат 13:10-да Щучье-Бурабай тас жолында жол-көлік оқиғасы болды.
"Астанадан Бурабайға бара жатқан және демалушыларды курорттық аймаққа апаратын автобус қарсы қозғалыс жолына шығып, Changan көлігімен соқтығысып, содан кейін ағашқа соғылды", – деп хабарлады Ақмола облыстық полиция департаменті.
Апатта 11 адам жарақат алды, оның ішінде автобустағы 9 жолаушы және Changan көлігіндегі 2 жолаушы бар. Апатқа байланысты тергеу жүргізіліп жатыр.