15.06.2026, 17:20

«Ұлым жоқта мен ойнаймын деді»: Анаргүл есімді әйел қайын атасының қиянатын айтты (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Жан Ахмадиев істі жіті бақылауында ұстайтынын айтты. 

Қоғам белсендісі Жан Ахмадиев өзінің әлеуметтік желдегі парақшасында Анаргүл есімді келіншектің ауыр тағдырын баяндады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Кейіпкердің сөзінше, оны 65 жастағы Ерболат Елғазы есімді қайын атасы зорлаған. 

"Жүрегім бірдеңе сезгендей, көзімді аштым. Маған қарап тұр. Әке, сіз не істемекшісіз?, дедім. Ұлым барда ұлым ойнайды, ұлым жоқта мен ойнаймын деп бас салды. Аяғым ауыр екеніне де қараған жоқ. Киімдерімді шешім тиіскенде қатты намыстандым. Осындай отбасыға келін болғанына қатты өкіндім. Әрең деп құтылып шығып, есік алдындағы моншада тығылып отырдым. Артынан мойныма пышақ тақап, мені екі баламмен қосып көміп тастайтынын айтты. Солай қорқытты", - деді Анаргүл есімді келіншек көз жасына ие бола алмай. 

Жан Ахмадиев істі жіті бақылауында ұстайтынын айтты.