$ 491.37  570.48  6.78

СҚО-дағы егіс алқабында адам өлімі тіркелді

Қайтыс болу себебін анықтау мақсатында марқұмның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Фото: Ұлан ауданы әкімдігі
Фото: Ұлан ауданы әкімдігі

Солтүстік Қазақстан облысында 46 жастағы ер адам көз жұмған жазатайым оқиғаға байланысты тергеу басталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқиға 14 маусым күні Тимирязев ауданы Ленин ауылдық округіндегі «Қазақстан Бидайы» ЖШС-нің егіс алқабында болған. 

СҚО бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің мәліметінше, мерт болған ер адам Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Новоселовка елді мекенінің тұрғыны. Шаруашылықта механизатор болып еңбек еткен оны сол күні сағат 10.00 шамасында алқапты химиялық дәрілеуге әкелген.

Ал сағат 23.00 шамасында жағдайы күрт нашарлап, әріптесі жедел жәрдем шақыртқан. Уақыт өткізбеу үшін ол ер адамды көлігіне отырғызып, жолға қарай шығады. Жедел жәрдем бригадасы оның өмірін сақтап қалуға әрекет еткенімен, нәтиже бермей, ер адам сол жерде көз жұмды.

Қайтыс болу себебін анықтау мақсатында марқұмның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Қазір осы оқиға бойынша өндірістегі жазатайым жағдайдың мән-жайын жан-жақты анықтау үшін Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің арнайы комиссиясы құрылып, арнайы тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 



 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0