Қайтпек керек мұндайда?!
Танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт ел күтпеген мәлімдеме жасады. Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
«Кейбір адамдардың әрекетін көріп,“Дана,осындай болып қартаюдан аулақ болшы!”деймін өзіме… Сұрамаған жерде ақыл айтып, данагөйсіп, жоқты бар қылып көрсетіп, өзіне кезінде шәкірт болған, не қол астындағы қызметкер болған адамдардың өніп-өскенін көре алмай, бүгін солардың қол астындағы қызметкерінің көзінше ,“бұл менің қолымда істеген ғой, мен жұмысқа алған едім ғой” деп кеудемсоқ әңгіме айтып, өзі туып, өзі адам қылғандай, пісіп-кеуіп отыратын адамдарға жаным ашиды.
Бетіне “былш”еткізіп, айтып сала алмайсың-жасы үлкен дейсің, өзі болса, айтқанының орынсыз екенін, әдепсіздік екенін ұғып отырған жоқ. Ортақ өткен жол бары рас қой деп, үндемейсің, бірақ оны екеуімізге де қымбат естелік қылып емес, сені кіріптар еткендей келтіргенде не айтарыңды білмей, аузыңа сөз түспей қалады екен. Қайтпек керек мұндайда?!», — деп жазды ол.