$ 487.73  558.99  6.63

Қостанай облысындағы кәсіпорында жұмысшы қаза тапты

Қайғылы оқиға бүгін электрмен болат балқыту цехында болған.  

Фото: erg.kz
Фото: erg.kz

"ERG Service" ЖШС-нің Жөндеу-механикалық металл илемдеу зауытында жұмысшы қаза тапты, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Болат балқыту пешінде жұмыс істеп жатқан кезде кәсіпорын қызметкері қаза тапты. Қазіргі уақытта тергеу амалдары басталып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

"ERG Service" ЖШС ұжымы мен басшылығы қаза тапқан жұмысшының туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Компания сонымен қатар марқұмның отбасына қажетті көмектің бәрі көрсетілетінін мәлімдеді.

Компания ұжымы мен басшылығы қызметкердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Қаза тапқан жанның отбасына қажетті көмек көрсетіледі, – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0