$ 488.37  559.77  6.64

Щучинскіде жол жиегіндегі шұңқыр жүргізушілерге қауіп төндіріп тұр

Әлеуметтік желіде тараған видеода байқалғандай, көліктің алдыңғы жағы жерге кіріп, артқы дөңгелегі аспанға көтеріліп қалған.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр

Шучинск қаласындағы көпқабатты үйлердің ауласында жол жиегіндегі терең шұңқырға ақ түсті кроссовер көлігі түсіп кеткен.

Әлеуметтік желіде тараған видеода байқалғандай, көліктің алдыңғы жағы жерге кіріп, артқы дөңгелегі аспанға көтеріліп қалған. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге қауіп төндіріп тұрған бұл орынға ешқандай арнайы ескерту белгілері қойылмаған. Оның орнына қауіпті аймақты белгілеу үшін шұңқырдың ішіне қарапайым картон қорапты тастай салған.

Жергілікті тұрғындар әкімдік тарапынан бұл мәселеге ешқандай реакция болмағанына және жол қауіпсіздігінің қадағаланбайтынына наразы. Күн райы бұзылып, жаңбыр жауғанда мұндай шұңқырлар суға толып, мүлдем көрінбей қалады. Қалалық әкімдік пен жауапты коммуналдық қызметтер бұл жерді ретке келтіруді неге кешіктіріп отырғаны белгісіз. Тұрғындар мүлкіне зақым келген жүргізушілердің шығынын кім өтейтінін сұрап отыр. Егер нақты шара қолданылмаса, келесі жолы бұл шұңқырға адам құлап, қайғылы жағдай орын алуы әбден мүмкін.

 

Видео: kazdogma

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0