$ 488.37  559.77  6.64

Атыраудағы отбасы өлімі: хакер жігіт ұсталды

Күдікті ұсталып, Алматы қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Атырау облысында бүтін бір отбасының жоғалып кетуін "тергеген" "хакер" ретінде ел арасында танылған ер адам Түркиядан Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ІІІМ ақпаратына сәйкес, 19 маусымда Түркиядан Қазақстанға бірнеше алаяқтық қылмыс жасады деген күдікке ілініп, халықаралық іздеуде жүрген ер адам жеткізілді.

Іздеуде жүрген ер адам Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Түркияның Самсун қаласында ұсталған.

Тергеу мәліметі бойынша, ер адам 2024 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында ақпараттық жүйелер мен Instagram әлеуметтік желісіндегі аккаунтын пайдаланып, Атырау қаласының екі тұрғынының үш миллион теңгеден астам қаражатын алдап иемденген деп күдіктеліп отыр.

Күдікті ұсталып, Алматы қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0

Тегтер:

#хакер #Атырау