21.06.2026, 18:30

Ақтөбедегі жарылыстан зардап шеккен науқастың жағдайы белгілі болды

Фото: Pixabay

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбедегі жанармай құю стансасында болған өрт салдарынан үш адамның қаза тапқаны хабарланған еді.

Ақтөбедегі жанармай құю стансасында болған өрттен зардап шеккен ер адам жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқас есін біледі және қажетті медициналық көмектің толық көлемін алып жатыр.

– Пациент жансақтау бөліміне жатқызылды. Есі анық. Қажетті ем-дом толық көлемде көрсетілуде. Ол дәрігерлердің тұрақты бақылауында, – деп хабарлады ведомстводан.

Нақтыланған деректерге сәйкес, ер адамның денесінің 45 пайызын күйік шалған. Дегенмен дәрігерлер оның гемодинамикалық көрсеткіштері тұрақты екенін айтты.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбедегі жанармай құю стансасында болған өрт салдарынан үш адамның қаза тапқаны хабарланған еді.