$ 486.19  554.26  6.51

Ақтөбеде 19 жастағы жігіт ажал құшты

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Ақтөбе облысында 19 жастағы жігіттің мәйіті табылып, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицияның алдын ала мәліметінше, оның өліміне найзағай соғуы себеп болған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

— 19 жастағы жігіттің мәйітінің табылу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, өлімнің себебі атмосфералық электр тогының әсерінен (найзағай соғу салдарынан) болған, — делінген Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.



 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0