$ 486.19  554.26  6.51

Алматы – Қорғас тасжолында екі көлік соқтығысып, 3 адам көз жұмды

Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттерінің толық кешені жүргізіліп жатыр.

Фото: Бейнежазбадан
Фото: Бейнежазбадан

23 маусым күні Алматы – Шелек – Қорғас автожолының 132-шақырымында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Haval автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, Audi 100 автокөлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Audi автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы алған дене жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.

– Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттерінің толық кешені жүргізіліп жатыр. Кінәлі жүргізуші қамауға алынды. Оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, – деп хабарлады департаменттен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0