$ 487.02  552.23  6.51

Павлодарда дүкендерді үнемі су басып жатады: Қала әкімдігі мәселені шешуге қауқарсыз

Жауапты мекемелердің осындай салғырттығы мен немқұрайлылығы қарапайым халықтың бизнесін тығырыққа тіреп отыр.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

 

Павлодар қаласының дәл орталығында, Бектуров көшесі 27 мекенжайында орналасқан «ЭкВоСервис» дүкенін үнемі су басып жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жеке кәсіпкерлердің айтуынша, ғимарат ішіндегі су айлап тұрып қалғандықтан, олардың қымбат мүліктері мен тауарлары жарамсыз болып қалған. Нысан иелері көмек сұрап «Сантехмастер ПВЛ» ПИК-іне, 109 апаттық қызметіне және басқа да органдарға бірнеше мәрте жүгінген. Алайда, қала кәсіпкерлерін қолдауды ұрандататын Павлодар әкімдігі бұл мәселеде мүлдем әрекетсіздік танытып, жағдайды бақылаусыз қалдырды. Жауапты мекемелердің осындай салғырттығы мен немқұрайлылығы қарапайым халықтың бизнесін тығырыққа тіреп отыр. Шарасыз күйге түскен кәсіпкерлер енді тек биліктен нақты іс-әрекет пен бұл жағдайдың кеңінен жария етілуін талап етеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0