$ 487.02  552.23  6.51

5,8 трлн теңге ЕНПФ-тен мерзімінен бұрын алынған

Вице-министр  “аннуитетті адамдар ақша шешіп алу үшін әдейі ойлап тапқан жол емес, ол тек белгілі шарттары бар ресми механизм” деді.

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Еңбек министрлігі ЕНПФ-тен (зейнетақы қоры) 5,8 трлн теңге ерте алынғаны туралы мәлімдеді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Тұяқбаев Сенат кулуарында  айтты,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Вице-министрдің айтуынша, бұл құрал ұзақ уақыттан бері жұмыс істейді және тек жеткілікті көлемде зейнетақы жинағы бар азаматтарға ғана қолжетімді.

«Бұл ешқандай «айла» емес. Аннуитет рәсімдеу үшін белгілі бір еңбек өтілі мен айтарлықтай жинақ қажет. Бұл механизм бұрыннан бар және тек жеткілікті қаражаты бар адамдарға қолжетімді», — деді Ербол Тұяқбаев.

Нақты айтқанда: аннуитет — заңды және бұрыннан бар жүйеоны тек жинағы жеткілікті адамдар ғана пайдалана алады ол арқылы барлығы бірдей ақша шығара алмайды
сондықтан бұл “шектеуді айналып өту құралы” емес
 
Вице-министр  “аннуитетті адамдар ақша шешіп алу үшін әдейі ойлап тапқан жол емес, ол тек белгілі шарттары бар ресми механизм” деді.

Сондай-ақ бұл мәселе  Еңбек министрлігі Ұлттық банкпен бірлесіп бұл мәселені зерттегенін және қазіргі уақытта зейнетақы аннуитетіне қосымша шектеулер енгізу қарастырылмайтынын айтты.

Вице-министр Ербол Тұяқбаевтың айтуынша, тұрғын үй мен емделуге зейнетақы қаражатын алу үшін ең төменгі жеткіліктілік шектерін көтеру шешімі статистикалық деректерге сүйеніп қабылданған.

Бұған дейін БЖЗҚ-дан 5,8 трлн теңге мерзімінен бұрын алынған, оның басым бөлігі 35 жасқа дейінгі азаматтарға тиесілі.

Оның пікірінше Мемлекеттің мақсаты — жастардың зейнетақы жинағын сақтап, болашақта олардың зейнеткерлік табысын қамтамасыз ету.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#ЕНПФ