Кеше ғана айдалада өртеніп жатқан полицейдің денесі табылып, оның өліміне келіншегі мен ұлы күдікке ілінген еді.
Бұған дейін ерлі-зайыптылардың 7 баланы бірге бағып-қаққаны да белгілі болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Таудан денесі табылған 37 жастағы полиция қызметкерінің өліміне күдікті ретінде етжақындары танылып отыр. Марқұмның келіншегі де бұрын құқық қорғау органдарында жұмыс істеген.
Көпшілік үшін бұл отбасы үлгілі болған. Олар полицейді де, жұбайын да өте сыпайы адамдар ретінде таниды. Ал ұлдарын тәртіпті әрі спортшы біледі. Олар үнемі ауыр сөмкелерді көтерісіп жүретін жасөспірімдер ретінде сипатталған.
Тергеу нұсқасында қылмыстың Альсеровтер отбасының бірінші қабаттағы пәтерінде болғаны жазылған.
Алматы облыстық Полиция департаменті қаза тапқан адамның әріптес болғанын растады. Қазіргі уақытта марқұмның пәтері мөрленген, күдіктілерден жауап алынуда.
– Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдіктілер ұсталды, оның ішінде марқұмның жұбайы мен ұлы бар. Олардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды, – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта тергеушілер қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Егер күдіктілердің кінәсі сотта дәлелденсе, оларға 15 жылдан аса бас бостандығынан айыру жазасы берілуі ықтимал.