Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Burabay Arena спорт сарайына барды.
Мемлекет басшысына өңірдегі спорт және туризм салаларының даму барысы жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Burabay Arena спорт сарайына барды.
Ақорданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев кешендегі үстел теннисі, бассейн, және жаттығу залдарын аралап көрді. Мұнда спорттың алты түрі бойынша үйірмелер жұмыс істейді.
Мемлекет басшысына өңірдегі спорт және туризм салаларының даму барысы жөнінде баяндалды.
Сонымен қатар президент облыстың танымал спортшыларымен әңгімелесті.
«Атлеттер отандық спортқа жан-жақты қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты», – делінген хабарламада.