$ 485.4  550.69  6.41

Қытайдағы 109 қабатты China Zun мұнарасына ұшақ соғылды (ВИДЕО)

Биіктігі 528 метр, 109 қабаттан тұратын мұнара Қытай астанасының іскерлік орталығында орналасқан.

Фото: obozrevatel.com
Фото: obozrevatel.com

Бейжіңдегі ең биік зәулім ғимарат – CITIC Tower (China Zun) мұнарасына жеңіл ұшақ соғылды. Оқиға 26 маусым күні күндіз болған, деп хабарлайды Sn.kz порталы South China Morning Post басылымына сілтеме жасап.

Биіктігі 528 метр, 109 қабаттан тұратын мұнара Қытай астанасының іскерлік орталығында орналасқан. Куәгерлер түсірген бейнежазбаларда ұшақтың бөлшектері ғимараттан төменге құлап жатқанын көруге болады. Алдын ала мәліметке сәйкес, ғимаратқа Sunward SA60L Aurora маркалы жеңіл спорттық ұшақ соғылған.

Оқиғадан кейін ғимараттағы адамдар шұғыл эвакуацияланды. Оқиға орнына өрт сөндірушілер, полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадалары жұмылдырылды.

Соққы салдарынан ғимараттың қаптамасы мен ұшақтың бөлшектері көшеге құлаған. Куәгерлердің айтуынша, басынан жарақат алған бір әйел ауруханаға жеткізілген.

Оқиғадан кейін полиция мұнараға апаратын бірнеше жолды жауып, аумақты қоршауға алды. Сондай-ақ құқық қорғау органдары тұрғындар мен өтіп бара жатқан адамдарға оқиға орнын видеоға түсіруге тыйым салған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0