$ 486.47  554.77  6.26

34 тұрғын эвакуацияланды: Ақтөбеде көпқабатты үйден өрт шықты

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

Түнгі уақытта Ақтөбе қаласының 12-шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт тоғызыншы қабаттағы пәтерде тұтанған. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар баспалдақ арқылы 34 тұрғынды, оның ішінде 9 баланы қауіпсіз жерге эвакуациялады.

Өрт 25 шаршы метр аумақта оқшауланып, толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0