$ 486.47  554.77  6.26

«Пластикалық ота жасауға рұқсат»: Нұрлан имамның мәлімдемесі көптің сынына қалды (ВИДЕО)

Ақша не істетпейді?

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Танымал имам Нұрлан Байжігітүлының желідегі мәлімдемесі көпті шошытты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол пластикалық отаның дінде рұқсат етілгенін айтты.

"Пластикаға ешқандай мәселе жоқ. Мысалы, шашы түсіп қалған. Шаш егуге болады. Себебі, оның шашу бар еді. Косметологияға да болады. Бетті тазалау, биоревитация бұның барлығы денсаулыққа кежетті нәрсе. Қабағың салбыраса, түсіп кетсе пластикада ешқандай мәселе жоқ. Бәрі рұқсат", - деді ол.

Алайда оқырмандар имамның көпке жағамын деп шариғаттан жиі аттайтынын жазуда.

"Қуды кәдімгідей. Ақша не істетпейді?", "Елге ұнайтын әңгіме айтамын деп,шариғаттың шеңберінен кейде шығып кетеді осы кісі", "Бұл дұрыс емес. Кәрілікті табиғи түрде қарсы алу керек", "Харам деп айтпайтын жалғыз имам шығар", - деп жазды желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0