$ 494.87  520.65  4.91

Ұлттық экономика министрлігінде 5 комитеттің төрағасы тағайындалды

Ұлттық экономика министрлігі құрамына кіретін бес комитеттің төрағалары тағайындалды, деп хабарлайды Skifnews.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы лауазымына бұдан бұрын Өңірлік даму министрінің орынбасары қызметін атқарған Қосман Айтмұхаметов тағайындалды», делінген хабарламада.

Сонымен қоса, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика бойынша комитетінің төрағасы лауазымына бұдан бұрын Статистика агенттігінің төрағасы қызметін атқарған Әлихан Смайылов тағайындалып, Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы лауазымын бұдан бұрын Өңірлік даму министрінің орынбасары қызметін атқарған Серік Жұманғарин иелік етті.

Қазақстан Республикасының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы лауазымына бұдан бұрын Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары қызметінеатқарған Әлиақпар Матишев тағайындалды. Ал Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы лауазымына бұдан бұрын ҚР ТЖМ мемлекеттік материалдық резерв Комитетінің төрағасы қызметін атқарған Асқар Әнетұлы Сәду отырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары