$ 486.47  554.77  6.26

4 адам жарақат алды: Алматы облысында алып ағаш екі көлікті басып қалды

Оқиға кезінде өңірде қатты жел соғып тұрған. 

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Алматы облысында алып ағаш жолдағы екі жеңіл автокөліктің үстіне құлап, салондағы жолаушылар ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпараттық порталы.  

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, оқиға Еңбекшіқазақ ауданында орын алған. Алып ағаштың құлауы Еңбек және Қырбалтабай ауылдарының арасындағы тасжолда болған. 

Ақпарат келіп түсісімен оқиға орнына өңірлік ТЖД күштері мен техникасы шұғыл түрде жөнелтілді.

«Оқиға орнына жеткенде ағаштың құлауы салдарынан екі жеңіл автокөліктің зақымдалғаны анықталды. Зардап шеккен азаматтар жедел жәрдем бригадасымен медициналық мекемеге жеткізілді», — деп хабарлады құтқару қызметінен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0