$ 486.47  554.77  6.26

Әлеуметтік желіде Ақтаудағы Денсаулық сақтау басқармасының ғимараты сынға ұшырады

Қазіргі уақытта Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Ақтау қаласындағы Денсаулық сақтау басқармасының әкімшілік ғимаратының санитарлық жағдайы әлеуметтік желі қолданушыларының қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада басқарма ғимаратының кейбір бөліктерінде шаң мен өрмек жиналғаны байқалады. Бұл көрініс желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызып, көпшілігі мекеменің тазалығы мен санитарлық талаптардың сақталуына қатысты сауал қойды.

Пікір білдірушілердің бір бөлігі денсаулық сақтау саласына жауапты мекеменің өз ғимараты үлгілі жағдайда болуы тиіс екенін айтып, құзырлы органдардың назар аударуын сұрады.

Қазіргі уақытта Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0