29.06.2026, 08:50

Жезқазған - Қарағанды тасжолының сиқы: Шұңқырлар ірі тастармен көміліп жатыр

Фото: видеодан скрин

Алайда бөлінген миллиардтар мен жолдың қазіргі аянышты күйі жүргізушілердің орынды сұрақтарын туғызып отыр.

Әлеуметтік желіде «ҚазАвтоЖол» компаниясы Жезқазған – Қарағанды тасжолындағы ірі шұңқырларды аяқ киім табанындай үлкен шақпақтастармен толтырып жатқаны туралы бейнежазба тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Желі қолданушылары мен жүргізушілер мұндай адам сенгісіз жөндеу әдісіне және тас тасталған ойдым-ойдым жолдың көліктерге айтарлықтай зиян келтіріп жатқанына наразылық білдіруде. Айта кетерлігі, биылғы сәуір айында дәл осы жолдың құрылысы мен жөндеу жұмыстарына шамамен 650 миллиард теңге тартылатыны ресми мәлімделген болатын. Бұл қыруар қаржыландыру ісі «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы, Халықаралық қайта құру және даму банкі мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің қатысуымен жүзеге асырылып жатыр. Алайда бөлінген миллиардтар мен жолдың қазіргі аянышты күйі жүргізушілердің орынды сұрақтарын туғызып отыр.

 

Видео: politico_qazaqstan