29.06.2026, 23:30

Түркістан облысында жол апатынан бір әулеттің 5 қызы көз жұмды

Фото: askiev.com.ua

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан бір әулеттің бес қызы қаза тапты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жарақаттанған тағы бір бала ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қайғылы оқиға Түлкібас ауданында болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, аудандағы трассада Volkswagen Polo көлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, жол бойындағы ағашқа соғылған.

— Қазіргі уақытта барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті процестік шешім қабылданады, — деп хабарлады Түркістан облысы полиция департаменті.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтауға және жолда өте мұқият болуға шақырды.