30.06.2026, 10:10

Денсаулық сақтау министрлігі кімді қорғап отыр: Жаңа ереже ластыққа жол ашты ма?

Фото: видеодан скрин

Салалық министрлік бұл жүйесіздікті шұғыл тоқтатып, қатаң бақылауды қолға алмаса, елдің денсаулығына төнген қауіп айдан анық.

Денсаулық сақтау министрлігі өндірістік бақылау талаптарын өзгертіп, кейбір нысандарға зертханалық тексеріссіз-ақ жұмыс істеуге рұқсат бергені қоғамда үлкен наразылық тудырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Желіде тараған мына масқара видео — Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің елдегі тазалық пен қауіпсіздікті мүлдем қадағаламай отырғанының тікелей айғағы. Комитет уытты бояуы бар тағамдар мен антисанитарияны анықтадық деп есеп бергенімен, іс жүзінде халық күнделікті ластық пен сапасыз қызметтің зардабын тартып келеді. Бюджеттен миллиондаған қаржы бөлінсе де, жауапты ведомствоның тексерісті күшейтудің орнына талаптарды жеңілдетуі — шенеуніктердің өз міндетіне салғырт қарауын көрсетеді. Салалық министрлік бұл жүйесіздікті шұғыл тоқтатып, қатаң бақылауды қолға алмаса, елдің денсаулығына төнген қауіп айдан анық. Видео: kazakh_inform_kz