30.06.2026, 11:30

Әділет министрлігі жаңа үкімет пен Құрылтайдың жасақталу мерзімін жариялады

Фото: Baq.kz

Ведомство басшысы екі ай ішінде екі түрлі тетік қарастырылғанын нақтылады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Конституцияда көрсетілген жағдайлар туындаған кезде заң күші бар Президенттің жарлығы немесе заң күші бар үкіметтің уақытша қаулысы қабылданады.

Екі нұсқа да Құрылтай жасақталғанға дейін заң күшіне ие болады. Сондай-ақ Ерлан Сарсембаев ертеңнен бастап алты лауазымды тұлғаны: Бас прокурорды, Ұлттық банк төрағасын, Жоғарғы сот төрағасын және басқаларын қайта тағайындау процесі басталатынын атап өтті. Қыркүйек айында үкімет жаңа Құрылтайдың алдында өз өкілеттігін тоқтатады.