Жергілікті биліктің мұндай бейқамдығы ертеңгі күні үлкен техногендік апатқа әкеліп соқтырмасына кім кепіл?
Қарағандының Михайловка ауданында тұрғындар белгісіз құрылыс жұмыстарына байланысты дабыл қағып, наразылық білдіруде, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Тұрғындардың сөзіне қарағанда, құрылыс алаңы газ құбыры, канал, магистральдық желілер мен теміржол торабының және зираттың дәл іргесінде орналасқан. Жауапсыз мердігерлер теміржол мен тұрғын үйлер арасындағы жалғыз қорғаныш болып тұрған санитарлық жасыл желекті, яғни ағаштарды заңсыз отап тастаған.
Өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев пен қала әкімі Мейрам Кожухов бұл заңсыздыққа неге көз жұмып отыр және бақылау тексерісін неліктен кешіктіруде деген сұрақ туындайды. Жергілікті биліктің мұндай бейқамдығы ертеңгі күні үлкен техногендік апатқа әкеліп соқтырмасына кім кепіл? Тұрғындар шенеуніктерден бұл жағдайға шұғыл араласып, құрылысты тоқтатуды талап етеді.