02.07.2026, 17:00

Қазақстанда алғаш рет киберспорттан әлем чемпионаты өтеді

Фото: дереккөз

Бұл құжат халықаралық киберспортты дамытуға және әлем чемпионатын Қазақстанда өткізуге бағытталған тараптардың стратегиялық әріптестігін жаңа деңгейге көтереді.

Бүгін Орталық Азиядағы спорт ғылымы мен жоғары білікті мамандар даярлау бағытындағы ең ірі білім беру жобаларының бірі – Қазақ ұлттық спорт университетінің ресми ашылу рәсімі аясында Астанада 2027 жылғы киберспорттан әлем чемпионатын (IESF World Esports Championship 2027) өткізу туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Салтанатты рәсімнің басты оқиғаларының бірі – Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, Халықаралық киберспорт федерациясы (IESF) және Қазақстан киберспорт федерациясы арасында үшжақты меморандумға қол қойылуы болды. Бұл құжат халықаралық киберспортты дамытуға және әлем чемпионатын Қазақстанда өткізуге бағытталған тараптардың стратегиялық әріптестігін жаңа деңгейге көтереді.

Сонымен қатар, Қазақ ұлттық спорт университеті мен Халықаралық киберспорт федерациясы (IESF) арасында ынтымақтастық туралы келісім жасалды. Аталған құжатмамандарды бірлесіп даярлауға, білім берубағдарламаларын жетілдіруге, ғылыми зерттеулержүргізуге және киберспорт саласындағыхалықаралық жобаларды жүзеге асыруға кеңмүмкіндік береді. 2027 жылғы киберспорттан әлем чемпионаты Қазақстанда өтетін цифрлық спорт саласындағы ең ірі халықаралық жарыстардың біріне айналмақ. Чемпионатқа әлемнің ондаған еліненұлттық құрамалар, киберспорт индустриясыныңжетекші өкілдері, халықаралық спортфедерациялары, білім және ғылым саласыныңмамандары мен технологиялық компаниялардыңөкілдері қатысады.

«2027 жылғы киберспорттан әлем чемпионатын Астанада өткізу туралы келісімге қол қойылуы – Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемдік киберспорт қауымдастығы үшін маңызды оқиға. Біз Қазақстанның білім беружүйесін дамытуға, инновацияларды қолдауғажәне халықаралық ынтымақтастықтынығайтуға бағытталған ұстанымын жоғарыбағалаймыз. Қазақстан бұл әлем чемпионатынжоғары деңгейде өткізіп, болашақ спортшылармен сала мамандары үшін құнды мұрақалдырады деп сенемін», – деді Халықаралықкиберспорт федерациясының (IESF) президенті Влад Маринеску.

Әріптестікті нығайта түсетін маңыздыжайттардың бірі – Қазақ ұлттық спортуниверситетінің құрылтайшысы НұрасылМедеудің Халықаралық киберспорт федерациясы(IESF) департаментінің директоры қызметінатқаруы. Бұл университет пен киберспортсаласындағы жетекші халықаралық ұйымдардыңбірі арасындағы өзара байланысты одан әрікүшейтуге ықпал етеді. Мұндайинституционалдық ынтымақтастық бірлескенбілім беру бастамаларын, академиялық алмасубағдарламаларын, ғылыми зерттеулер менхалықаралық жобаларды жүзеге асыруғамүмкіндік беріп, Қазақстанда киберспортсаласындағы заманауи құзыреттер орталығынқалыптастыруға негіз қалайды.

Қол қойылған келісімдер Қазақстанның спорт, білім беру және цифрлық технологиялар салаларындағы халықаралық беделін нығайтуға бағытталған стратегиялық бағытын айқындай түседі. Ал 2027 жылғы киберспорттан әлемчемпионатын өткізу еліміздің жаһандықкиберспорт кеңістігіндегі орнын күшейтіп, халықаралық ынтымақтастықты жаңа деңгейгекөтеретін маңызды белес болмақ.