$ 479.26  546.21  6.13

Қарағандыда жол жөндеу кезінде жұмысшы қаза тапты

Алдын ала мәлімет бойынша, жол жөндеу жұмыстары кезінде асфальт тығыздағыштың жүргізушісі кері қозғалыс барысында жұмысшыны басып кеткен.

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com

Қарағандыда жол жөндеу кезінде жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Алдын ала мәлімет бойынша, жол жөндеу жұмыстары кезінде асфальт тығыздағыштың жүргізушісі кері қозғалыс барысында жұмысшыны басып кеткен.

Қарағанды облысы полиция департаментінің мәліметінше, ер адам оқиға орнында қаза тапқан. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Айта кетейік, Республика даңғылында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Осыған байланысты Дүйсембеков көшесінен Шахтёрлер даңғылына дейінгі аралықта жолдың бір бөлігі уақытша жабылған.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0