$ 479.26  546.21  6.13

Алакөлде қайғылы жағдай: әйел қаза тауып, қызы құтқарылды

Олар тыйым салынған жерде шомылған.

Фото: istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

Абай облысында әскери қызметшілер суға батып бара жатқан жасөспірімді құтқарып қалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

1 шілде күні Алакөл көлінің жағалау сызығын күзету барысында ТЖМ Қасым Қайсенов атындағы 68303 әскери бөлімінің әскери қызметшілері жағадан 50 метр жерде, шомылуға тыйым салынған орында суға батып бара жатқан екі адамды байқаған.

Әскери қызметшілер дереу құтқару операциясына кіріскен. Судан қатты жел мен толқын жағадан алысқа алып кеткен анасы мен қызы шығарылған. 2012 жылы туған кәмелетке толмаған бала құтқарылған. Ал 1991 жылы туған әйелді аман алып қалу мүмкін болмады. Оқиға орнына жеткен жедел медициналық көмек қызметкерлері оның қайтыс болғанын тіркеді, - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Абай облысының ТЖД аймақ тұрғындары мен қонақтарын судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0