02.07.2026, 20:30

Алматыда ер адам балаға шабуыл жасаған (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Оқиға балалар ойын алаңында болған.

Алматыда балаға шабуыл жасады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Оқиға балалар ойын алаңында болған. Ер адам балаларға жақындап келіп, олардың бірін итеріп жіберген. Салдарынан бала дене жарақатын алған.

Алдын ала мәлімет бойынша, шабуылға балалар арасында ойын кезінде туындаған жанжал себеп болған.

Полицияның хабарлауынша, дене жарақатын келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Күдікті қамауға алынды. Қазір қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", – деп полиция хабарламасында.