Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 2026 жылғы 3 шілдеде елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қарағанды облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, облыстың шығысында, оңтүстік-шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, дауыл, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда күннің екінші жартысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, дауыл соғады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында секундына 15–20 метрге дейін жетеді, ал шығысында екпіні кей уақытта 23 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында 3 шілде күні күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл соғады деп болжануда. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15–18 м/с-қа дейін күшейеді.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, түнде кей уақыттарда қатты жаңбыр, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, түнде кей уақыттарда қатты жаңбыр, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 03 шілдеде жаңбыр, найзағай, кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда жаңбыр, түнде қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай, бұршақ, дауыл. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, орталығында аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, облыстың шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Ақтөбеде күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстік-батысында жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде бойынша 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде күннің екінші жартысында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қ.: 03 шілдеде жоғары өрт қаупі күтіледі.
Астанада кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстіктен-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте түнде өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістанда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, түнде кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда түнде жаңбыр, кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың орталығында, солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда жаңбыр, найзағай, кей уақыттарда қатты жаңбыр, күндіз бұршақ күтіледі.
Ақмола облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда жаңбыр, кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. 03 шілдеде Ақмола облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда жаңбыр, кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі.
Жетісу облысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарда екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.