$ 472.03  540.29  6.11

Үш қыз, екі ұл: Өзбекстанда бесем дүниеге келді

Олар дәрігерлердің тұрақты бақылауында.

Фото: Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігі
Фото: Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігі

Өзбекстанның Әндіжан қаласындағы №2 перзентханада бесем өмірге келді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 6 шілде күні Әндіжан қаласындағы «Қайрағочтош» махалласының тұрғыны Наргиз Бекжонова перзентханаға жеткізіліп, оған кесарь тілігі жасалған.

Дәрігерлердің айтуынша, босану тәжірибелі акушер-гинекологтар, неонатологтар мен реаниматологтардың қатысуымен сәтті өткен. Дүниеге келген бес сәбидің үшеуі қыз, екеуі ұл.

Кейін анасы мен нәрестелер Ана мен бала денсаулығын қорғау республикалық мамандандырылған ғылыми-практикалық медициналық орталығының Әндіжан облыстық филиалына ауыстырылды.

Министрліктің хабарлауынша, қазіргі уақытта ана мен бесемнің жағдайы жақсы. Олар дәрігерлердің тұрақты бақылауында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0