$ 471.04  538.54  6.17

Қара теңізде Қазақстан мұнайын тасымалдаған танкерге шабуыл жасалды

Айта кетейік, еліміздегі мұнайдың 80%-дан астамы КҚК арқылы тасымалданады.

Фото: Yasa Shipping
Фото: Yasa Shipping

Мұнай тасымалдайтын танкер Новороссийск портына жақын маңда орналасқан Каспий құбыры консорциумының мұнай тиеу айлағына бара жатқан, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Теңізде Yasa Polaris атты мұнай танкері төтенше жағдайға тап болды. Қазіргі уақытта дрон шабуылы қай тараптан болғаны белгісіз. Сонымен қатар танкерге келген залал туралы ресми ақпарат жоқ.

Reuters агенттігінің жазуынша, Yasa Polaris мұнай танкері 2022 жылы салынған, 160 мың тонна мұнай тасымалдауға қауқарлы. Кемені Түркияда тіркелген Yasa Holding компаниясы басқарады.

Болған жайтқа қатысты Chevron жауап берді. Компания Ресейдің Новороссийск порты маңындағы КТК (Каспий құбыр консорциумы) тиеу терминалдарына бара жатқан кемеге қатысты оқиғадан хабардар екенін және қазақстандық мұнайды жөнелту жұмыстарының қалыпты режимде жалғасып жатқанын мәлімдеді.

"Экипаж қауіпсіздікте, кеменің жағдайы қалыпты. Танкер қауіпсіз портқа бара жатыр, біз кеменің операторымен байланысып отырмыз", – делінген ресми жауапта.

Chevron басқаратын "Теңізшевройл" компаниясы CPC Blend маркалы мұнайын жеткізуші ең ірі компаниялардың бірі. Жеткізілетін мұнайдың негізгі бөлігі Қазақстандағы Теңіз кен орнынан алынады.

Айта кетейік, еліміздегі мұнайдың 80%-дан астамы КҚК арқылы тасымалданады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#шабуыл #мұнай