$ 471.04  538.54  6.17

СҚО-да әткеншек құлап, жасөспірім қыз жарақат алды

Оқиға орнына трассалық медициналық-құтқару пунктінің мамандары жедел жетіп, зардап шеккен қызға алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданындағы Келлеровка ауылында 2009 жылы туған қыздың үстіне әткеншектің жоғарғы арқалығы құлады. Оқиға салдарынан оған құтқарушылар мен медицина қызметкерлерінің көмегі қажет болған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқиға орнына трассалық медициналық-құтқару пунктінің мамандары жедел жетіп, зардап шеккен қызға алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Кейін ол қосымша тексеру және ем қабылдау үшін Тайынша аудандық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлердің мәліметінше, қыздың жағдайы тұрақты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#СҚО #әткеншек