$ 467.98  533.87  6.11

Маңғыстауда мал жаппай қырылып жатыр: Түпқараған әкімдігі неге үнсіз?

Егер әкімдік пен құзырлы органдар дер кезінде іске кіріспесе, бұл бейқамдық бүкіл бір ауданды жұтқа ұшыратып, мал шаруашылығын толықтай тұралатуы әбден мүмкін.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында төрт түлік малдың жаппай қырылып, далада өлексесінің шашылып жатқан сорақы бейнесі әлеуметтік желіде тарап, жұрттың ашу-ызасын тудырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жергілікті халық «Малдар неге қырылып жатыр?» деп дабыл қаққанымен, өңір әкімдігі тарапынан нақты әрекет пен түсіндірме әлі күнге дейін байқалмайды. Шаруалар шыбын жанын шүберекке түйіп отырғанда, атқарушы биліктің бұл жауапсыздығы мен селқостығы аймақтағы экологиялық және экономикалық жағдайды ушықтырып жіберді.

Егер әкімдік пен құзырлы органдар дер кезінде іске кіріспесе, бұл бейқамдық бүкіл бір ауданды жұтқа ұшыратып, мал шаруашылығын толықтай тұралатуы әбден мүмкін. Желі қолданушылары шенеуніктердің жұмысына наразылық білдіріп, биліктің халық пен малдың күйіне бас ауыртпай отырғанын ашық сынауда.


видео: @tazhikhanov.012

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0