$ 467.98  533.87  6.11

Қарағанды вокзалындағы баға Астана әуежайынан асып түсті: Тұрғындар наразы

Көпшілік билік тарапынан вокзал ішіндегі бейберекет сауда мен негізсіз баға өсіміне шұғыл тексеріс жүргізілуін талап етуде.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Қарағанды теміржол вокзалының перронындағы дүңгіршектерде азық-түлік пен сусын бағасы шарықтап кеткен. Жолаушылардың айтуынша, мұндағы қарапайым тауарлардың құны тіпті Астана әуежайындағы бағадан да қымбат болып шықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Адам көп жиналатын қоғамдық орындағы мұндай жөнсіздік әлеуметтік желі қолданушыларының арасында үлкен талқылау тудырды. Жергілікті өңір әкімдігі бұқара күнделікті пайдаланатын стратегиялық нысандағы баға саясатын бақылаусыз қалдырып, халықтың қалтасын қағуға жол беріп отыр. Көпшілік билік тарапынан вокзал ішіндегі бейберекет сауда мен негізсіз баға өсіміне шұғыл тексеріс жүргізілуін талап етуде.


Видео: @rec_krg

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0