$ 467.98  533.87  6.11

Қостанайда асфальт төсеп, бірақ тротуар салмаған

Көлік жүргізушілеріне қолайлы жағдай жасап, жаяу халықты батпаққа батырып қойған билікке тұрғындардың реніші шексіз.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Қостанай қаласының Спортивная көшесіне жаңадан асфальт салынғанымен, жергілікті шенеуніктер жаяу жүргіншілерді мүлдем ұмыт қалдырған. Бұл аумақта жаңа жолмен машиналар зулап жатқанда, ересектер мен мектеп балалары тар, аяқталмаған топырақ жолмен жүруге мәжбүр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Билік көліктердің жағдайын жасауға ақша тапқанымен, жаяу халыққа қауіпсіз әрі ыңғайлы тротуар салуды мүлдем жоспарламаған сыңайлы. Күн құрғақта шаң жұтқан тұрғындар, алғашқы жауын-шашыннан кейін бұл жердің белшеден батпаққа айналып, жүрудің мүмкін болмайтынын айтып дабыл қағуда. Өңір әкімдігі бұл мәселені назардан тыс қалдырып, халықтың қауіпсіздігіне немқұрайлы қарап отыр. Көлік жүргізушілеріне қолайлы жағдай жасап, жаяу халықты батпаққа батырып қойған билікке тұрғындардың реніші шексіз.



Видео: @ng.kz_

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0