Нәрестенің салмағы – 4200 грамм, бойы – 56 сантиметр.
Мәскеуде көпбалалы ана 16-сәбиін дүниеге әкелді. Қазір оның отбасында тоғыз ұл мен жеті қыз тәрбиеленіп жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Мәскеу қалалық денсаулық сақтау департаменті мәлімдеді.
Ведомствоның мәліметінше, әйел босану үшін тағы да №29 қалалық клиникалық аурухананың перзентханасын таңдаған. Дәрігерлердің бақылауымен өткен босану сәтті аяқталып, дүниеге ұл бала келген.
Нәрестенің салмағы – 4200 грамм, бойы – 56 сантиметр.
«Қазір ана мен жаңа туған нәрестенің жағдайы жақсы. Олар жақындарының құттықтауын қабылдап жатыр», – деп хабарлады денсаулық сақтау департаменті.
Дәрігерлердің айтуынша, босану тәжірибелі мамандардың бақылауымен өткен және сәби дені сау болып туған.
Белгілі болғандай, әйел 22 жасында тұрмысқа шығып, алғашқы баласын 23 жасында дүниеге әкелген. Көпбалалы ана бала тәрбиесіне қосқан үлесі үшін «Ана даңқы» орденімен марапатталған.
Сондай-ақ оның өзі де көпбалалы отбасында өскен. Анасы тоғыз туған және жеті асырап алған баланы тәрбиелеген.