10.07.2026, 11:20

Жамбыл облысында жер сілкінісі тіркелді

Фото: Pixabay

Жер сілкінісінің магнитудасы 4,5 балды құрады.

Жамбыл облысында түнгі уақытта магнитудасы 4,5 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қазақстан ұлттық деректер орталығының жедел мәліметінше, жерасты дүмпулері 10 шілде күні Астана уақытымен сағат 00:59-да болған. Жер сілкінісінің ошағы Тараз қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 65 шақырым жерде орналасқан.

Жер сілкінісінің магнитудасы 4,5 балды құрады. Қазіргі уақытта дүмпулердің қаншалықты сезілгені және қандай да бір зақым келгені туралы ақпарат берілген жоқ.