Алдын ала ақпарат бойынша, ұшақтың шассиі зақымданған болуы мүмкін.
Желіде Жезқазған әуежайындағы авиациялық оқиға туралы ақпарат тарады. "Жезқазған Эйр" АҚ бас директоры Нұрлан Лебаев жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Telegram-дағы Kozachkov offside арнасының мәліметінше, 10 жолаушысы және 6 экипаж мүшесі бар Ан-12 ұшағы Жезқазған әуежайына апатты жағдайда қонды.
Алдын ала ақпарат бойынша, ұшақтың шассиі зақымданған болуы мүмкін.
"Жезқазған Эйр" АҚ бас директоры Нұрлан Лебаевтың айтуынша, 2026 жылдың 10 шілдесінде әуежай аумағында Ан-12 ұшағына қатысты авиациялық оқиға болды.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
"Қазір әуежай аумағында ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдануда. Осыған байланысты жекелеген әуе тасымалдаушылар ұшу кестесіне түзетулер енгізуі мүмкін. Жолаушыларға әуе компанияларынан рейстің мәртебесін тексеру ұсынылады.
Жағдай бақылауда, әуежай барлық уәкілетті қызметпен жұмыс істеп жатыр", - деді Нұрлан Лебаев.