$ 464.71  531.26  6.05

Ақтөбеде құрылыс компаниясы балалар алаңы мен тұраққа арналған жерді сатып жіберген

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

 

Ақтөбе қаласының «Алтын орда» 41Б (2-корпус) тұрғындары өз аулаларында балалар ойнайтын алаң мен көлік тұрағының орнына тақыр жер мен қоқыс жәшігін ғана көріп, жер сипап қалды,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Эвелина» ЖШС құрылыс компаниясы тұрғындарға жайлы аула уәде еткенімен, іс жүзінде жоба бойынша балалар алаңы мен автотұрақ түсуі тиіс жер телімін басқа біреуге сатып жіберген. Бұл аздай, үйдің инженерлік желілері мен қазандығының мүшкіл халіне байланысты тұрғындардың шағымына былтырғы қыркүйектен бері ешқандай жауап жоқ. Жергілікті әкімдік болса, жекеменшік құрылыс салушының халықты ап-анық алдап, жобаны өз бетінше өзгертіп жіберген сорақылығына көз жұмып, әлі күнге дейін бейқам отыр. Тұрғындар өз құқықтарын қорғау үшін бұл мәселені ақпараттық кеңістікте жариялаудан басқа амал таппай, әкімдік пен құзырлы органдардан нақты іс-қимыл талап етуде.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0