$ 464.71  531.26  6.05

Атыраудағы №11 автобуста кондиционер жоқ: Тұрғындар әкімдіктің салғырттығына наразы

Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

 

Атырауда аптап ыстықта кондиционері жоқ №11 бағыттағы қоғамдық көлікпен қатынау халық үшін нағыз азапқа айналды,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жауапты тасымалдаушылар болса, келісімшартта салқындатқыш орнату міндетті талап ретінде көрсетілмегенін айтып, сылтауратқанды шығарды. Жергілікті Жолаушылар көлігі басқармасы мен өңір әкімдігі бұл мәселені бақылауға алмай, халықтың зарына көз жұма қарап отыр. Салдарынан тар әрі қапырық автобус ішінде қарттар мен жас балалардың денсаулығына қауіп төніп, тұрғындар күнде қорлық көруде. Шенеуніктер салқын кабинетте отырғанда қарапайым халықтың ыстықтан қысылуы — өңір басшылығының жұмысқа немқұрайлылығын анық көрсетеді. Биліктен үміт үзген атыраулықтар енді бұл салғырттыққа тосқауыл қою үшін жаппай ұжымдық өтініш жинауға көшті.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1