$ 477.11  545.58  6.2

Сұлтан Сәрсемәлиев өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Сонымен қатар ол жәбірленушілерге моральдық өтемақы ретінде 40 миллион теңге төлеуге міндеттелді.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Атырау облысының соты Сұлтан Сәрсемәлиевті төрт адамды аса қатыгездікпен өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қайғылы оқиға өткен жылдың соңында Жангелдин ауылында болған. Қылмыскердің қолынан бұрынғы әйелінің туыстары – ата-анасы, сондай-ақ ағасы мен қарындасы қаза тапқан.

Соттың анықтауынша, қылмыстың негізгі себебі – пайдакүнемдік болған. Төрт адамды өлтіргеннен кейін Сәрсемәлиев марқұмдардың құжаттарын алып, олардың атына шамамен 4 миллион теңге көлемінде несие рәсімдеген. Кейін жұбайымен бірге Индонезияға қашып кеткен.

Сот оны екі немесе одан да көп адамды өлтірумен қатар, алаяқтық, ұрлық және мал ұрлығы баптары бойынша да кінәлі деп таныды.

Сонымен қатар ол жәбірленушілерге моральдық өтемақы ретінде 40 миллион теңге төлеуге міндеттелді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 1