$ 468.88  534.1  6.04

СҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 8 адам зардап шекті

Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Фото: Видеодан скрин
Фото: Видеодан скрин

Солтүстік Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан сегіз адам зардап шекті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өңірлік Полиция департаментінің мәліметінше, апат Петропавл – Көкшетау автожолының Астраханка ауылы маңында болған.

Mazda және Toyota Estima автокөліктері соқтығысты. Жол апаты салдарынан Mazda көлігінің жүргізушісі мен Toyota Estima көлігінің жеті жолаушысы медициналық мекемелерге жеткізілді, – деп хабарлады ведомство редакцияның сауалына берген жауабында.

Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта апаттың барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады, – деп мәлімдеді полиция.

Ведомство жүргізушілерге белгіленген жылдамдық режимін сақтауды еске салды. Сондай-ақ жолдағы және ауа райы жағдайын ескеруге кеңес берді.

Құқық қорғау органдары жүргізушілерді қарсы бағыттағы жолаққа шықпауға және көлік тізгінінде барынша мұқият болуға шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0