$ 468.88  534.1  6.04

Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі зейнеткер шұңқырға құлап, жарақат алды

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Қарағандының Степной-3 шағын ауданындағы №3 үйдің, №23 подъезінің алдындағы мына шұрық-тесік жол тұрғындардың сорына айналып бітті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жақында осы үйде тұратын, жүріп-тұруы қиын, ходунокке таңылған мүгедектігі бар қарт кісі осы оңбаған жолда сүрініп құлап, денесін қатты жарақаттап алған. Жастардың өзі әрең өтетін бұл ойдым-ойдым шұңқырлар мүгедектігі бар жандар мен қарттардың өміріне тікелей қауіп төндіріп тұр.

Қазыбек би ауданының әкімдігі (@qazybekbi_audany_akimdigi) бюджеттің ақшасын қайда жұмсап жатқаны белгісіз, халық күнделікті өз үйінің алдында құлап, жарақат алғанша бұл мәселеге көз жұма қарап отыр. Жауапты шенеуніктер жылы креслоларынан тұрып, бұл жерге тез арада келіп, жолды ретке келтіруі тиіс, әлде біреудің басы жарылып, мертіккенін күтіп отыр ма?

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0