$ 472.34  541.25  6.01

«Қайрат» Канье Уэсттің концерті туралы: «Мұндай келісім болған жоқ»

14 тамызға жоспарланған іс-шара Орталық стадионды пайдалануға қатысты өздерімен келісілмеген

коллаж: Sn.kz
коллаж: Sn.kz

Алматыда америкалық рэпер Канье Уэсттің концерті өтетіні туралы ақпараттан кейін «Қайрат» футбол клубы ресми мәлімдеме жариялады,деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Клуб өкілдерінің айтуынша, 14 тамызға жоспарланған іс-шара Орталық стадионды пайдалануға қатысты өздерімен келісілмеген.

«Қайраттың» хабарлауынша, дәл осы кезеңде команда Қазақстан премьер-лигасы мен еурокубок аясындағы өз алаңындағы маңызды матчтарын өткізуі тиіс. Чемпионат күнтізбесіне сәйкес, клуб 8 және 15 тамызда Орталық стадионда ойнайды. Сонымен қатар 11–13 тамыз аралығында еурокубоктағы ықтимал үй кездесуі де жоспарланып отыр.

Клуб басшылығы мұндай деңгейдегі концертті ұйымдастыру үшін сахна мен техникалық жабдықтарды бірнеше күн бойы орнатып, кейін бөлшектеу қажет екенін атап өтті. Олардың пікірінше, бұл футбол алаңының сапасына және стадионның ресми матчтарға дайындалуына кері әсер етуі мүмкін.

Сондай-ақ клуб кез келген бұқаралық іс-шара бекітілген футбол күнтізбесін ескере отырып және барлық тараппен толық келісілгеннен кейін ғана ұйымдастырылуы тиіс екенін мәлімдеді. Осыған байланысты «Қайрат» әзірге 14 тамыздағы концерттің дәл осы стадионда өтетіні туралы ақпаратты жариялауға әлі ерте екенін айтты.

Еске салайық, бұған дейін Канье Уэсттің Алматыда концерт беретінін оның менеджері Джозеф Карре хабарлаған болатын. Кейін бұл ақпаратты Алматы әкімдігі де растап, концерттің 14 тамыз күні сағат 21:00-де Орталық стадионда өтуі жоспарланғанын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0